Қазақстан Республикасындағы ZEEKR ресми дистрибьюторының мәлімдемесі

Шетелдік БАҚ-та Қытай нарығындағы қайтарып алу науқаны туралы жарияланымдарға байланысты бұл ақпарат ресми түрде Қазақстан Республикасына жеткізілген ZEEKR автокөліктеріне қатысты еместігін хабарлаймыз.

Orbis Auto – Қазақстандағы ZEEKR-дің ресми дистрибьюторы. Ресми арналар арқылы қазақстандық нарыққа жеткізілетін модельдердің техникалық сипаттамалары әртүрлі және олар аталған тәуекелдерге жатпайтын CATL батареяларымен жабдықталған.

Барлық көліктер қолданыстағы стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкес сертификатталған түрде жеткізіледі.

Қазақстан Республикасында кері шақыру науқанына ешқандай негіз жоқ.

Ресми ZEEKR көліктері қауіпсіздік пен сапа талаптарына толық сәйкес келеді. Иелерге алаңдауға еш негіз жоқ.

Читайте также